Жылыту маусымы: елордалық ТЖД тұрғын үй секторында рейдтер өткізді

4917
Фотосурет: Gov

2024-2025 жылғы жылыту маусымы басталғалы бері Астана қаласының ТЖД қызметкерлері тұрғын секторында 108 рейд өткізді, оның аясында 31 мың үйдің 30 мыңы қамтылды. Салдарынан 48 мың өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев мәлім етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оның айтуынша, тұрғындармен олардың тұрғылықты жерлерін өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келтіру, қауіпсіздік мәдениетін көтеру мақсатында мемлекеттік мекемелермен өзара әрекеттесу жұмыстары жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп атқарған жұмыстардың арқасында, әлеуметтік осал топтарға жататын 1542 үй есепке алынған және профилактикалық жұмыстармен қамтылған. Отбасылардың тұрғылықты жері туралы құрылған тізімдер Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына мекенжайлық көмек көрсету үшін жіберілді. Бүгінгі таңда 1368 әлеуметтік осал топтағы отбасылар (725) улы газ және (648) табиғи газ датчиктерімен қамтамасыз. Сонымен қатар, 33 отбасының пештері мен электр желілері жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жылыту маусымы аясында Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп, 59 хостел (100% қамту) және жатақханаларда қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен кеңестер жүргізілді, сондай-ақ 1065 көпқабатты тұрғын үйде (28 метрден асатын) профилактикалық аралау ұйымдастырылды», - деді Мадияр Мырзагелдиев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -