14 және 15 желтоқсанда "Қарағанды-Арена" мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Республикалық біріншілікке 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Михаил Шайдоров, Ахат Бралин, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, Анна Левковец және Софья Фарафонова бар.
Чемпионат бағдарламасы:
14 желтоқсан (қысқа бағдарлама):
10:00-15:15 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көсетуі;
15:30 – чемпионаттың ашылуы;
16:00-19:30 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер.
15 желтоқсан (еркін бағдарлама):
11:00-16:00 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көрсетуі.
16:00-20:00 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер;
20:00-20:45 – көрсетілімдік қойылымдар;
20:45-21:15 – марапаттау.