Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл халқымызды біріктіретін мереке.
Бұл күн - қазақстандықтардың бірнеше ұрпағының жанқиярлық күш-жігерінің арқасында қол жеткізген еліміздің бостандығы мен егемендігін атап өтетін күн.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Бұл міндеттерді ішкі істер органдарымен қатар Ұлттық ұлан орындайды.
Ел тәуелсіздігінің барлық жылдарында құқықтық тәртіп әскері, оның ішінде біздің әскери бөлім де, мықты мемлекет құруға өз үлестерін қосты.
6506 әскери бөлімі оңтүстік өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біз әскери қызметшілеріміздің Шымкент және Түркістан сияқты ірі қалаларда азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күн сайын ерең еңбек ететінін мақтан тұтамыз.
Бүгінгі таңда біздің бригаданың жеке құрамы қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, арнайы операциялар жүргізу және төтенше жағдай салдарын жою бойынша міндеттерді орындайды.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында біздің әскери бөлімнің екі жүзден астам әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Олар су басу аймағында азаматтарға көмек көрсетіп, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізді. Бұл жерде біздің сарбаздар жұмыстың ең қиын бөлігін өз мойнына алды. Олар өздерінің әскери міндеттерін орындап қана қоймай, халыққа шын жүректен көмектесті.
Сондай-ақ біздің әскери қызметшілеріміздің батылдығы мен кәсібилігінің арқасында мүмкін болған оң үлгілерін атап өткенде жөн. 2024 жылдың шілде айында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында өз-өзіне қол жұмсамақшы болған қызды құтқарған 4 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Раулан Утебаев батылдығы мен табандылығы үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құқығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұдан әрі қараша айында бізге сеніп тапсырылған Түркістанда орналасқан 3 жедел мақсаттағы батальонның әскери қызметшілері, сержант Жанболат Дүйсенбай мен қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков ұстамасы бар 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Бұл жағдай батылдық пен ерліктің жарқын мысалы болды және қиын сәттерде көмектесуге дайын болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Күн сайын біздің офицерлер мен сарбаздар жоғары адалдықты, өз елін қорғауға және халыққа қызмет етуге дайын екендіктерін көрсетеді. Олар елдің қауіпсіздігі мен бейбіт болашағы үшін өз өмірлерін қатерге тігетін нағыз батырлар.
Әскери борышты орындаудың осы және басқа да оң үлгілері Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жүктелген міндеттерді абыроймен және адалдықпен орындайтынын көрсетеді.
Өткен жолға көз жүгіртсек, Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімі лайықты үлес қосқанын және бүгінгі таңда жеке құрам өзінің антына, халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал екенін айтуға болады.
Бригада басшылығы мен жеке құрамының атынан Қазақстанның барлық азаматтарын осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, амандық және бейбіт аспан тілеймін. Әрқайсымыз еліміздің дамуы мен өркендеуіне ұмтылатын ұлы ұлттың бір бөлігі екенін мақтан етейік. Біздің күшіміз бірлікте және біз кез келген кедергілерді бірге жеңе аламыз. Бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеуге ұмтыла отырып, еліміздің игілігі үшін бірге жұмыс істейік.
Полковник Марат Рахпанов