"Жас сарбаз" шығармашылық студиясының би ұжымы "Жыл серпіні" номинациясын алды

11121
Фотосурет: Gov

Мұндай шешімді жыл қорытындысы бойынша Ұлттық Дельфий комитеті шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" шығармашылық студиясының "Тұмар" ұжымына сертификат тапсыру кезінде Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова бұл жетістіктің артында педагогтар мен студия тәрбиеленушілерінің үлкен еңбегі жатқанын атап өтті.  

"Жыл серпіні" номинациясы балаларымыздың үлкен сахнада өнер көрсетуінің нәтижесі. Мұндай байқауларға қатысу бишілеріміздің шеберлігін жетілдіруге ықпал етіп, сенімділікті арттыруға және шығармашылық тұрғыда өсуге деген ұмтылысты дамытадыі Шығармашылық студияның көркемдік жетекшісі – 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова

Естеріңізге сала кетсек, Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша құрылған "Жас сарбаз" балалар студиясына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары қатысады.

2024 жылдың маусым айында "Жас сарбаз" би ұжымы Қырғызстандағы "Нәресте" халықаралық фольклорлық фестивалінде сәтті өнер көрсетті, ал тамыз айында Көкшетау қаласында 20 би ұжымы арасында өткен Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -