Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінде жүзден астам сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілер көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді.
Шара барысында қызметтегі үлгілі тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге алғыс хаттар табысталды.
"Отан алдындағы борышын өтеп шыққан жігіттер Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Павлодар, ШҚО өңірлерінен және Астана қаласынан шақыртылған болатын.Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше, он екі азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді" әскери бөлім командирінің орынбасары майор Рүстем Габдулин
Әскери бөліммен қоштасқан онға жуық сарбаз жоғары оқу орнын арналған білім грантының иегері атанды.
Әскерге бару арқылы тегін білімге жол ашқан мерзімді әскери қызметшілер өз бөлімшелерімен қоштасып, жаңа өмірге қадам баспақ. Сарбаздардың келесі легі Алматы, Маңғыстау, Павлодар өңірлерінен желтоқсан айынан соңына таман әскер қатарына алынбақ.
Әскери қызметшілердің айтуынша, сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық сондай-ақ физикалық жағынан шыңдалып, өзіне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде орындаған. Олар. Әскери бөлім басшылығы сарбаздарға алдағы сапарларына сәттілік тілеп, үйлеріне құрметпен аттанды.