Қарулы күштердің әскери қызметшілері Тәуелсіздік күнін салтанатты жағдайда атап өтті

14091
Фотосурет: Gov

Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери бөлімдерде мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалып, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қонаев, Талдықорған және Алматы гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған салтанатты митингілер өтті. 

Жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында Тараздан келген Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасының мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Бақытжан Әділхан да бар. Оның айтуынша, тәуелсіздікке апаратын жол оңай болған жоқ, бірақ халықтың бірлігінің арқасында ел өз бетінше дамуға мүмкіндік алды.

Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау қаласында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің сержанттары Тәуелсіздік күніне арналған челленджді іске қосты. Олар эстафетаны "Шығыс" ӨңҚ әскери қызметшілеріне тапсырып, символдық жағдайда 16 шақырымға жүгірді.

Осы арқылы жауынгерлер тамаша дене шынықтыру дайындығы мен әскери ұжымдардың бірлігін көрсетті.

Еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын қорғап қана қоймай, табандылық пен патриотизмнің үлгісін көрсететін Отан қорғаушыларымызды мақтан тұтамыз "Батыс" өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-сыныпты сержант Бағдат Байсеріков

Ал Алматы халықаралық әуежайында әскери оркестр мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары патриоттық флешмоб өткізді. Әскери музыканттар "Алматы" шеруін, "Қазақтай ел қайда?!", "Азия дауысы" композициясы мен "Адай" күйін орындады.

Әскери қызметшілердің өнеріне жолаушылар мен әуежай қызметкерлері қошеметпен қол соқты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -