Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Осакаров ауданында "Үздік учаскелік полиция инспекторы" атағына конкурстың қорытындысы жарияланды. Оған Осакаров ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы-полиция майоры Медиат Құрамысов ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мұндай байқау ауданда алғаш рет өтті. Ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатарындағы қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды түрлі критерийлер бойынша бағалады, оның ішінде қызмет көрсетілетін учаскедегі тұрғындар саны, анықталған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар саны, біліктілігін арттырудан өтуі ескерілді.
Медиат Құрамов ішкі істер органдарында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді.
– Менің жұмысымды бағалағаны өте қуантады. Отбасым да қуанышты. Олар мені қолдады, қатты уайымдады, байқаудың қорытындысын күтті. Ең бастысы – жақсы жұмыс істеу, осындай конкурстарға қатысудан қорықпау және жеңіске ұмтылу керек, – деп есептейді Медиат Құрамысов.
Осакаровкадағы учаскелік полицей Медиат Құрамысовты көпшілік біледі, тіпті оның учаскесіне жатпайтын тұрғындар да оған жүгінеді. Ол ешқашан және ешкімге көмек, қолдау және кеңес беруден бас тартпайды.