Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өз ана тілінде еркін сөйлей бастады. Қоғамда тілді көтеру мәселелері көтеріліп, түрлі шаралар қабылданып, жекелеген азаматтар да жанашырлықпен оның дамуына ат салысты. Алайда, арада қанша жыл өтсе де, қазақ тілі жағдайы жарқырап кетпегені бәрімізге мәлім. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар та аз емес дерлік. Дегенмен, тіліміздің еңсесі бұрынғыға қарағанда едәуір биіктеп, нығайды.
Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, ал өзге ұлттардың мемлекеттік тілді білуі – міндет. Қазақстан жерінде тұратын, Отаным деп санайтын, еліміздің ауасымен тыныстаған әр азаматтың мемлекеттік тілге деген құрметі де, ықыласы да бөлек болуы тиіс.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментімен 2024 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын орындау бойынша өз үлесін қосуда бірқатар жұмыстар атқарғанын атап кетуге болады.
Қазақ тілінде жазу сауаттылығын арттыру мақсатында Департамент қызметкерлерінің арасында диктант өткізілді. Диктантқа 46 қызметкер қатысып, қамту көрсеткіші 75% құрады, сондай-ақ қызметкерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды. Қамту көрсеткіші 86 %. Айта кету керек, жүргізіліп отырған шаралар бойынша жақсы нәтиже көрсететін қызметкерлер саны жыл сайын артып келеді.
Департаментте А. Байтұрсынов атындағы Қостанай республикалық университеті Гуманитарлық - әлеуметтік факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Мира Мұратқызын шақырумен «Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мира Мұратқызы аталған тақырыпты толығымен аша білді. Тренинг қызметкерлердің көңілінен шығып, олардың қызығушылығы белсенді болды.
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Департаментте ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлердің тілдік қорын байыты, дамыту. Акцияға Департаменттің қызметкерлері белсенді ат салысты, оның ішінде Превенция басқармасы және Штаб бөлімінің қызметкерлері ерекше ықылас танытты.
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Департаменттің басқармалары арасында «1001 мақал 101 жұмбақ» ойыны өткізілді. Мақсаты: қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын дәріптеу, қызметкерлердің қазақша ой-өрістерін дамыту. Ойында Кадр бөлімінің маманы Аягөз Айкешова жеңімпаз атанды.
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу қыркүйек айында Департаментте Басқармалар арасында қазақтың ұлттық ойындары бойынша жарыстар өткізілді. Жарыс барысында басқармалар арқан тарту бойынша Жедел басқарма және Штаб – Кезекші бөлім қызметкерлері белсенділік танытты. Сонымен қатар, қол күрестіру ойыны да қызықты өтіп, гір көтеру бойынша білек күші сыналды.
Тіл – адамның ойын жарыққа шығаратын құрал. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытады. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ал біздің ана тіліміз – қазақ тілі өте бай, тереңдігі ұшан-теңіз тіл. Оның көркемдігін, шеберлігін, әсемдігін сипаттап жеткізу мүмкін емес. Елдің мұраты – ата тілі, ата дәстүрі. Қазақ тілінің тағдыры – қазақтың қолында. Оны дамыту, өсіру, көркейту, гүлдендіру тек біздерге байланысты. Біздің іс-әрекетіміз өзге ұлтқа үлгі болмақ.
Орынбасар Нұрғалиева, Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аударма бойынша редакторы