Қаржы реттеушісі "Абай міндеті" қызметін тоқтатты

4103
Фотосурет: freepik

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «12» желтоқсандағы №26 бұйрығына сәйкес, "Абай" несие серіктестігі" ЖШС (бұдан әрі – несие серіктестігі) БСН 180440042738 микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 1-тармағының, 2-тармақшасынасәйкес, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 7-тармағының талаптарына сәйкес, Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Қарыз алушы Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымымен (несие серіктестігі) бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Несие серіктестігі клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Несие серіктестігі алдындағы міндеттемелердің орындалуына жауапты. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -