5544
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Instagram әлеуметтік желісінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне қарасты «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының бейнеролигі көпшіліктің таңданысын тудырып, желі қолданушыларының көптеген оң пікірлерін алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бейнероликте клуб мүшелері жоғары дайындық деңгейін, қозғалыс үйлесімділігі және саптық техниканы меңгеру шеберлігін көрсете отырып, қару-жарақпен саптық дефиле істейді.

Бұл үзінді көрермендердің назарын аудартып, ыстық ықыласына бөленді.

"Бұл көрсетілім ұзақ жаттығулардың және тәртіптің нәтижесі. Біздің балалар қару-жарақты меңгеру дағдыларын ғана емес, сонымен қатар дайындықтың, үйлесімділіктің және командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Біз әскери-патриоттық тәрбие жай ғана сөз емес, жас ұрпақтың қалыптасуының нағыз тетігі екенін дәлелдейтін тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз. Клубымызды қолдап, жетістіктерімізді бақылап отырғандардың барлығына алғыс айтамын" ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ардагері–«Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының жетекшісі запастағы подполковник Берік Мунтинов

2003 жылдан бастап Ұлттық ұланда «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысы жұмыс істейді. Бұл қозғалыстан кейін әскери бөлімдер жанынан әскери қызметшілердің балаларына арналған алғашқы әскери-спорттық клубтар құрылды. Алғашында олар алтау ғана болды.

Жыл сайын қатысушы жастардың саны артып, орта білім беретін мекемелерде әскери-патриоттық сыныптар құрылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның әскери бөлімдері 60 мектеп пен 3 колледжде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жалпы алғанда, 109 «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары мен балабақшада бір топ жұмыс істейді. Сондай-ақ әскери бөлімдер жанынан 33 «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының жұмысы ұйымдастырылды. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 2500-ден астам тәрбиеленушісі бар.  Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 62 Меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, жыл сайын Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» командасы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының қатарына джиу-джитсудан әлем чемпионы 6 жасар Хадия Қонаева қабылданған болатын.

Курсант Әлішер Асқарбек,Астана қаласы

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@national_guard_kaz)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -