Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту: Томенарық ауылындағы жаңа аурухана

4906
Фотосурет: Gov

Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясы бар 15 төсектік жаңа ауылдық аурухана ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде өңірдің барлық аудандарында 27 медициналық нысан салу жоспарланған, өткен жылы 16 нысан пайдалануға берілді.

Оның ішінде Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауылында бір дәрігерлік амбулатория ашылды. Қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда. Алдағы күндері Бесарық және Әбдіғаппар ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға беріледі.

Өңірдің картасында «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасының шеңберінде салынған жаңа медициналық нысандардың қатарына медициналық пункт пен дәрігерлік амбулатория қосылды.

Облыс орталығында жобалық қуаты жылына 10 мың адамды қабылдайтын «Қан орталығы» пайдалануға берілді.

Ана мен баланың денсаулығын нығайту мақсатында көпбейінді облыстық аурухананың базасында 70 төсектік перинаталдық бөлімше ашылды, ол жаңа жабдықтармен жабдықталған.

Облыс орталығында емхана мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көпбейінді аурухана, Арал ауданының Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Биыл Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы іске қосылды, жақын арада Арал ауданында да осындай орталық ашылады.

Сонымен қатар, ұлттық жобаның шеңберінде 4 көпбейінді аудандық орталық аурухананың жанынан қосымша құрылыстар салу жоспарлануда.

Облыстық онкология орталығына құны 1 млрд.100 млн. теңге болатын скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешен берілді. Мұндай кешендер республика бойынша тек 3 облыста бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -