Автокөлікті заңсыз тіркеуді ұйымдастырушылар бас бостандығынан айырылды

3278
Фотосурет: Proxima Studio / Shutterstock / Fotodom

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұған дейін тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталды. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырғаны белгілі болды.

Бұл әрекеттер міндетті төлемдер мен салықтардың төленбеуіне және жалған құжаттарды пайдалануға әкеліп, мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар, соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қылмыстарға қарсы белсенді жұмысын жалғастырып, салықтар мен төлемдерден жалтаруға бағытталған құқық бұзушылықтарға қарсы күресуде және   азаматтарды құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -