Қызметтегі қырағылық: шыршадағы құтқару оқиғасы

7117
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңа жыл қарсаңында «Астана-арена» стадионының жанында орнатылған еліміздің бас шыршасының безендіру және шамдарын жағу бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл күні ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары әдеттегідей қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметке кірісті.

Іс-шара барысында әскери тізбектегі ұландық сержант Дархан Шәріпхановқа кәмелетке толмаған екі баласынан көз жазып қалған ата-аналар жүгінді. Әскери қызметші байланыс құралдары арқылы жақын маңдағы қаруластарымен жедел байланыс орнатып, іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Адамдар көп болғандықтан, ата-аналар кездейсоқ балаларынан көз жазып қалатыны белгілі. Осындай жайт орналып, ата-анасы менен көмек сұрады. Мен жоғалған балалар туралы ақпаратты жақын маңдағы рация патрульшілеріне хабарладым және бірден іздеуді бастадым. Балаларды қысқа мерзімде тауып, ата – аналарына қайтарып бердік Деді сержант Дархан Шәріпханов

Қуанышты ата-аналар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Айта кету керек, күн сайын 1000-нан астам әскери қызметшілер қала көшелерінде қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін жауынгерлік кезекшілікке шығады. Әскерилердің қырағылығының арқасында көптеген қылмыстар ашылып және жоғалған құнды заттарды иелеріне қайтарылып жатыр. Бұл ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қала тұрғындарына көмекке келуге әрқашан дайын екендігін білдіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -