Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында балаларға «Әдемі ертегі» атты жаңа жылдық спектакль қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спектакльге 2200-ге жуық көрермен қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Әдемі ертегі» – бұл қызықты жаңа жылдық шоу ғана емес, сонымен қатар балалардың назарын экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударуға бағытталған маңызды іс-шара.
«Біз елорданың кішкентай тұрғындары үшін жаңа жылдық «Әдемі қыз» спектаклінің көрсетілімін өткіздік, оның мақсаты – экология мәселелерін қамту. Біз бұл тақырыпты қозғауымыздың да мәні бар, өйткені осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады. Біз көрерменді осы акцияның бір бөлігі ретінде сезінуін қаладық. Спектакль өте ерекше, оның кейіпкерлері ретінде Қазақстан аумағында тұратын жануарларлар сомдалған. Ойын форматында кішкентай көрермендер жаңа жылды сақтап, теңіздегі қоқыстарды «тазартуға» көмектесті. Осылайша, балалар еліміздің экологиялық ерекшелігімен танысады. Айта кетерлігі, спектакль қазақ және орыс тілдерінде өтті. Менің ойымша, елдегі экология мәселелерін кеңінен жариялау маңызды, өйткені азаматтардың осы бағыттан хабардар болуы – кез келген бастаманың табысының жартысы», – деді іс-шараны ұйымдастырушы Дана Дәуітова.
Спектакль екі күн өтті. Бірінші күні оған халықтың әлеуметтік осал топтары мен балалар үйлерінің балалары қатысты. Екінші күні іс-шараға қайырымдылық ұйымдарының, қоғамдық қорлардың, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.
«Ұйымдастырушыларға жаңа жылдық ерекше қойылым үшін алғыс айтамын. Балалар түрлі-түсті костюмдерге, көңілді әндер мен билерге қатты қуанды. Іс-шара ерекше көңілді болды, ал қойылымның өзі жаңа энергия сыйлайды. Қатысушылардың бәрі ерекше күйге бөленіп, жақсы әсер алып шықты», – деп бөлісті ата-аналардың бірі.
Көрсетілімді Астана әкімдігінің Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды.