Астанада Қорғаныс министрлігі басшылығының IT-компаниялардың өкілдерімен кездесуі өтті

4752
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев IT-компаниялардың менеджерлерімен Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесуге әр түрлі IT-қауымдастықтардың инженерлері ғана емес, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық технологиялар, Байланыс, Мемлекеттік құпияларды қорғау, Ұшқышсыз әуе жүйелерін дамыту және қолдану департаменттерінің өкілдері қатысты.

Біз дәстүрді бұзбауға, IT-компаниялар біздің жобаларымызды іске асыруға қосылуға дайын болуы үшін келесі жылға арналған жоспарларымызды сіздермен бөлісуге шешім қабылдадық Дархан Ахмедиев

 Қорғаныс ведомствосының өкілдері жиналғандарға Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған IT-жобаларын іске асыру жоспарлары мен тәртібі туралы хабарлады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Ахмедиев Қорғаныс ведомствосын цифрландырудың басым бағыты 2025 жылы әскерлерді басқару жүйелерін (АБЖ) автоматтандыруды атады. Әуе қорғанысы күштерінің АБЖ-ны дамыту, оны Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлерінде құру және енгізу көзделген. 

Қарулы күштер түрлерінің командалық пункттерін, әскер тектерін және әскери бөлімдерді жарақтандыру үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.

Бұл мәселелерді шешу ақпараттық жүйелерді дамытуды, Қарулы күштер түрлерінің, әскерлер мен әскери бөлімдердің командалық пунктерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсетуді және сүйемелдеуді көздейді. Мобильді деректер орталықтарын салу және жарақтандыру жүзеге асырылады, есептеу және перифериялық техника сатып алынады.

Осылайша, қорғаныс ведомствосы IT-шешімдерді әзірлеумен және енгізумен айналысатын сала өкілдерін ынталандыруға дайын, ал отандық фирмалар, талқылау көрсеткендей, жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау бойынша өз әзірлемелерімен бөлісе алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -