Тәртіп, жауапкершілік және күн тәртібі – курсанттың өмірі дәл осы үш тармақтан құралады, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясына түсу – бұл жай ғана мамандық таңдап қана қоймай, үйреншікті студенттік өмірден өзгеше өмір салтына көшуді білдіреді. Мұндағы әр күн – жаңа сынақ және болашақ офицерді қалыптастырудың жаңа кезеңі.
Аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Дәл осы тәртіп пен дәстүр Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясындағы қызмет пен оқыту үрдісінің іргетасы саналады.
Ұлттық ұлан академиясы – Мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын елдегі жалғыз жоғары әскери-оқу орны. Мұнда еліміздің құқықтық тәртіп әскерлері мен күш құрылымдары үшін офицерлер дайындалады. Өзінің өмір сүру кезеңінде құқықтық тәртіп әскерлерінің альма-матері 4 мыңнан астам офицерді қызметке жібере отырып, 24 мәрте түлектерін қанаттандырды.
Академия 61 гектар оқу орталығын қамтитын 98,4 гектар аумақта орналасқан, онда. Сондай-ақ оған 326 гектар әскери атыс алаңы және тактикалық алаң тиесілі. Әскери оқу орны сегіз мамандық бойынша офицерлерді даярлайды. Олардың әрқайсысы әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауға арналған. Соған байланысты қызметтік-лауазымдық және практикалық бағыттар ескерілген.
Академияда оқуға 17 жастан 21 жасқа дейінгі әскери қызмет өткермеген ұлдар немесе 25 жасқа дейінгі әскери қызметшілер қабылданады.
Академия курсанттары күніне үш рет тегін тамақпен, ақшалай үлеспен, әскери киім-кешекпен және оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі. Тегін медициналық тексеру және емдеу мүмкіндігі де қарастырылған. Жыл сайын курсанттар жазда 30, қыста 14 күн демалады. Демалыс орнына бару және қайту тегін.
Академиядағы білім беру бағдарламасы болашақ офицерлерді даярлаудың практикалық бағытын едәуір арттыратындай етіп құрылған. Далалық шығу, оқу орталығына шығу, сондай-ақ түнгі уақытта жауынгерлік машиналарды практикалық жүргізудің, жергілікті жерге бағдарлаудың, оқу ату жаттығуларын орындаудың барлық элементтерін пысықтау бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Кешенді тақырыптар бойынша тактикалық жаттығулар өткізіледі. Курсанттар Петропавлда орналасқан 6637 әскери бөлімінің базасында оқу практикасынан өтеді, қарауыл бастықтары мен олардың көмекшілерінің міндеттерін орындайды, аптасына екі рет қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі ішкі істер органдарымен бірлескен патрульдік-бекеттік қызмет атқарады.
Әскери оқу орны халықаралық байланыстарды белсенді түрде жолға қойып келеді. 2022 жылы Академияға Өзбекстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік университетінен бастық – полковник Мирзаюсуп Рустамбаев бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және озық тәжірибе алмасу мәселелерінде екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ал биыл Академияға Білім және ғылым Бас басқармасының бастығы генерал-майор Александр Медведев бастаған Росгвардия делегациясы келді. Кездесу барысында Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлау мәселелері қаралды.
Біз әскери іс пен қауіпсіздік саласындағы озық технологияларды үнемі зерттеп келеміз. Барлық инновациялар оқу бағдарламаларына енгізілуде. Мысалы, дағдарыс жағдайында ұшқышсыз ұшуды қолданудың қазіргі тенденциясы оқу пәндеріне интеграцияланған. Ақпараттық қарсыласу және гибридті күрес әдістерін көрсету әдістері игерілуде. Оқу процесінде курсанттар Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бөлімшелері мен қызметтерінде міндетті оқу практикасынан өтеді. Тәжірибе барысында курсанттар қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе алады Академия бастығы полковник Артур Токушев
Айта кетейік, білім беру қызметін жетілдіру және оқу-материалдық және техникалық базаны дамыту мақсатында биыл Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Академияның жаңа казармасының салтанатты ашылуы өтті. Казармадағы барлық бөлмелер бір стильде салынған және барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.
Академияда сапалы жоғары әскери білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Ұлттық ұлан Академиясына түсе отырып, жастар кәсіби және тұлғалық өсуге, тұрақты әлеуметтік қорғау және қоғамдағы беделді мәртебеге ие болады.