"Таза Қазақстан": еріктілер қарттар үйінің ауласын қардан тазартты

2486
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында еріктілер елорданың Байқоңыр ауданында тұратын қарттардың үйінің ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ұйымдастырушылар қарт тұрғындарға жаңа жылға арналған азық-түлік себетін табыс етті.

«Бұл дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара. Біз осындай қайырымдылық шараға қатысып, өз үлесімізді қосқанымызға қуанамыз», – деп атап өтті «Астана жастары» еріктісі Данияр Сүлейменов.

Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмектесіп жүр. Елорда үшін маңызды жұмысы кезінде еріктілер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын өткізеді.

Қыс мезгілінде елорданың барлық ауданында жалғыз тұратын қарттар мен көп балалы аналардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалау бойынша акциялар өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -