ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 3 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қабылдауға келген азаматтар министрге бизнесті дамыту үшін гранттар алу, жұмысқа орналасу, мүгедектігі бар азаматтарға арналған техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің тізімін кеңейту мәселелері жөнінде сұрақтарын қойды.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.