Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты қорытындылады

6193
Фотосурет: Gov

Алматыда әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшылары 2024 жылдың қорытындысын талқылап, алдағы жылға арналған жоспарды бекітті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отырыста Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев жас десантшылармен жеке жұмыс жүргізуде тәрбие құрылымдарына көмек көрсету қажеттігіне назар аударды.

Отан отбасынан, туыстары мен жақындарынан, үйден, ауладан, басталады. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтерді жас ұрпақ үшін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттаушылар деп сеніммен айта аламыз Генерал-майор Алмаз Жұмакеев

Қазіргі уақытта Десанттық-шабуылдау әскерлерінде екі жарым мыңнан астам әскери қызметшілердің отбасы бар. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет жетекшісі Қарулы күштердің қызметкері Адалят Насырова атап өткендей, әскерилердің туыстары жиі көшіп-қонуға, ұзақ іссапарлар мен тұрмыста кездесетін түрлі күнделікті жағдайларға бейім емес.

Сонымен қатар, 400-ден астам көпбалалы отбасы мен жас десантшылардың 1100 шаңырағы біздің назарымызда. Денсаулығында кінәраты бар бала тәрбиелейтін отбасыларына көмектесуге тырысамыз. Әл-ауқат мониторингін және әріптестердің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған әлеуметтік іс-шараларды жүргіземіз Адалят Насырова

Биылғы жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында десантшылар отбасыларынан 163 бала демалды. Осы орталықта демалған балалар үшін 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында Ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Жыл қорытындысын шығарудың креативті форматын да атап өту керек. Іс-шара өткен жаңадан ашылған «Жас десантшы» орталығының сахнасында «Визит карточкасы» және «Көркемдік шеберлік» номинациялары бойынша қойылымдар көрсетілді.

Үшінші өнертапқыштық шеберлік байқауы есте қаларлық болды. Онда командирлердің ең үздік көмекшілері мен олардың балалары өз қолдарымен жасалған киімдерді көрсетті.

Жыл қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен қызмет басшылары Қорғаныс министрлігі мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.

Іс-шара соңында генерал-майор Алмаз Жұмакеев «Жас десантшы» шығармашылық орталығының ашылуына елеулі демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс айтты.
Қолбасшылық ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге және іргелес аумақты абаттандыруға жәрдемдескендердің барлығына алғысын білдірді. Бұдан былай жас десантшылар орталығы Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің ұжымы үшін өзіндік штабқа айналмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -