Ұлы Отан соғысының ардагері Дарбала Әміржанқызы Жабатаева 98 жасын атап өттті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Туған күн иесін Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері құттықтады.
Дарбала Жабатаева 1926 жылы Қостанай облысы Урицкий ауданы Дудаковка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында мектеп оқушысы болған ол өз еркімен майданға аттанды. Байланыс курсында оқығаннан кейін Дарбала екінші Белоруссия майданы 95-ші дивизиясының 161-ші атқыштар полкінің құрамында радио операторы қызметін атқарды. Ол Беларусь, Польша және Померанияны азат ету үшін шайқастарға қатысты. Ауыр жарақаттар мен контузияға қарамастан, ол соғыс аяқталғанға дейін қызметін жалғастырды.
1946 жылы демобилизациядан кейін өз өмірін партиялық және қоғамдық жұмыстарға арнады. Қазақстанда жауапты қызметтер атқарды. Дарбала Жабатаева Жауынгерлік еңбегі мен еңбектегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болды. Оның ішінде II дәрежелі Отан соғысы ордені, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" медальдары, сондай-ақ "Еңбектегі үшін" және "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары бар.
Қолбасшылық атынан Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Дарбала Әміржанқызына құттықтау адресі мен естелік сыйлықтар табыс етті. Олар ардагерге қажырлы еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, сергектік және ұзақ өмір тіледі.