Ерлік ретіндегі өмір: Хромтауда Василий Грецкийді құттықтады

15015
Фотосурет: Gov

Хромтау ауданының тұрғыны, өңіріміздегі Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Грецкий Василий Иванович 101 жасқа толды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ардагердің үйіне Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов пен Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов барып, туған күнімен және Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Олар өз сөздерінде ардагердің жасаған ерлігі мен елге деген адал қызмет етуі бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалағанын ерекше атап өтті.

Василий Иванович 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан жас сарбаз 1942 жылы майданға аттанып, Украинаның, Беларусьтің, Польшаның, Чехословакияның және Германияның майдандарында шайқасқан.

Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алған ардагер бүгінде 3 баласынан 6 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.

Василий Ивановичтің өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі. Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оның батырлығы мен қажырлы еңбегі мәңгі есте қалары анық.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -