Мақтааралда тағы 2 медициналық нысан ашылды

4191
Фотосурет: Gov

Түркістан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 49 медициналық нысанның құрылысы жүргізілді. Осы бағытта Мақтаарал ауданында медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Төрткүл ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Табысты ауылында фельдшерлік-аккушерлік пункттер пайдалануға берілді. Бұған дейін Еңбекші ауылдық округіне қарасты Шұғыла мен Нұрлытаң ауылдарында да медициналық нысандар ашылған болатын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл нысандар – жергілікті халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндіктер береді. Мұнда ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер және басқа да қажетті емдеу шараларын ала алады.

Нысандардың ашылу салтанатында аудан әкімі Бақыт Асанов жаңа медициналық нысандардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің жақсарып, ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігі артып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, «Төрткүл» ФАП-ның конкурстық құны 246 миллион теңге болса, «Табысты» ФАП-ның конкурстық құны 183 миллион теңгені құрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -