AFSA жұртшылықты Bivexo Group Astana Limited және Bivexo Group Limited компанияларының реттеу мәртебесі туралы ескертеді

5588
Фотосурет: afsa.aifc.kz

Bivexo Group Astana Limited – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 2024 жылғы 22 қазанда тіркелген жеке компания (БСН 241040900810). Компания «батареялар мен аккумуляторлар өндірісі» және «автомобильдерге арналған электр және электронды жабдықтар өндірісі» бойынша қызметпен айналысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Bivexo Group Astana Limited АХҚО-да тіркелгеніне қарамастан, компания АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінен (AFSA) АХҚО-да немесе одан тыс жерлерде қаржылық қызметтер көрсетуге немесе қаржылық жарнаманы жүзеге асыруға лицензия алмаған.

Bivexo Group Limited  – bivexo.com веб-сайты арқылы өзін гонконгтық ұйым ретінде көрсетеді. Ол АХҚО-да тіркелмеген және АХҚО-да немесе одан тыс жерлерде қаржылық қызметтер көрсету үшін ешқашан АХҚО-да тіркелмеген немесе AFSA-дан  лицензия алмаған.

AFSA-ға әлеуметтік желілердің әр түрлі платформаларында халықты bivexo.com сайтында ұсынылатын қаржылық қызметтерді пайдалануға шақыратын қаржылық жарнама көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

AFSA жұртшылықты барынша сақтық танытуға және AFSA-да тіркелген және лицензиясы бар заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын оларды ұсынатын заңды тұлғаның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -