5874
Фотосурет: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Қазақстан Республикасының Президенті – ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі» жаңа оқу жылында әскери қызметшілермен өткізілген алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының басты тақырыбына айналды.

Қолбасшылық басқармасының офицерлерімен, сондай-ақ 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және сарбаздармен алғашқы тәрбиелік сабақты Астанадан анайы келген Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы  генерал-майор Қайрат Үмбетов жүргізді. Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2025 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. Сондай-ақ құқықтық тәртіп әскеріндегі тәрбие және ақпараттық–имидждік жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының негізгі талаптарының бірі – заңдылық пен тәртіп. Ұлттық ұлан әскерінде құқық бұзушылыққа жол жоқ! Барлығымыз ең бірінші кезекте сарбаздардың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл әскер басшылығының талабы, Мемлект басшысы Қ. Тоқаев өзінің Жолдауында ерекше назар аударды Деді Қайрат Жарылқасынұлы

Сонымен қатар, Ұлттық ұлан әскерінің еліміздің өркендеуі, һәм тыныштығы жолындағы қосқан үлесін тілге тиек етті.

Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.

Сабақтар барысында жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің барлық бағыттары бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр. Ағымдағы жылы атқарар қызметтеріңізге тек толағай табыстар тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -