Сібір жарасы жерленген жерлерге жақын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

7656
Фотосурет: Gov

Жетісу облысының экологиялық прокуратурасының ұсынуы негізінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданындағы күйдіргі қорымдарына жақын жерде кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушыға қатысты сотқа талап арыз берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Талап арызда жалпы ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға алу шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыдан бүлінген жерлерді жобалық негізде қалпына келтіруді қамтамасыз ету және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеуді жою туралы талаптар қойылды.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Мемлекеттік органдар жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -