Әскери қызметшілердің балалары"Балдәуренге" аттанды

3597
Фотосурет: Gov

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерилердің балаларын «Балдәурен» демалыс лагеріне шығарып салды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жыл басынан бастап әскери қызметшілердің балаларының алғашқы легі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына аттанып жатыр.

Оқушылардың демалысы мен оқуы 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асырудың бірлескен жоспарын қабылдаған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асырылуда.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығының филиалына демалысқа баратын балалармен кездесті.

Оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталған ол демалыс жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сол күні Қарағанды қаласының теміржол вокзалында да әскери қызметшілердің балаларын «Балдәурен» лагерінің Балқаш қаласындағы филиалына шығарып салу рәсімі өтті.

"Лагерьде балалардың демалуы мен сауығуына барлық жағдай жасалған. Жаңа маусымда түрлі спорттық жарыстар, шеберлік сыныптары, экскурсиялар мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауысымның өте қызықты өтетініне сенімдімін" «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ерболат Шерімбетов

«Балдәурен» орталығының филиалдарында балалардың демалысын ұйымдастыру әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Соның арқасында оқушылар табиғаты көркем жерде уақыт өткізіп, шығармашылықпен және спортпен айналысады. Бұл ретте өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Өткен жылы «Балдәурен» орталығы мен оның филиалдарында әскери қызметшілердің мыңнан астам балалары демалғанын айта кету керек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -