Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады

2079
Фотосурет: Gov

10-шы қаңтарда Ұлы Отан соғысына қатысқан Федор Прохорович Блинов 101 жасқа толды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Әуезов ауданы басқармасының өкілдері ғасырдан аса жасаған қарияны туған күнімен құттықтап барды. 

Әскери қызметшілер майдангерге зор денсаулық, ұзақ өмір және бақ-береке тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Федор Блинов Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Александровка ауылында дүниеге келген. Майданда ол байланысшы болды, Беларусь, Украина, Польша және Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысты. Аға сержант Федор Блинов көптен күткен Жеңіс күнін Германияда қарсы алды.

Федор Блинов I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да көптеген наградалармен марапатталған.

Бүгінде Федор Прохорович қызымен тұрады. Соғыс ардагері бес баладан 55 немере-шөбере көріп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -