Қазақстан мен Өзбекстан еңбек көші қоны саласындағы байланыстарды нығайтуда

2277
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесу өткізді. Тараптар еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еңбекминінің басшысы көші-қон саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етіп, migration.enbek.kz порталын енгізу және оның мүмкіндіктері туралы айтты.

Мәселен, портал арқылы еңбекші көшіп келушілердің рұқсат алу процесі автоматтандырылды, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін шетелдегі әлеуетті жұмыскерлерді іздеу мүмкіндіктері кеңейтілді және еңбек шартын жасасу бөлігінде тараптардың одан әрі өзара іс-қимылы жеңілдетілді.

Сонымен бірге Светлана Жақыпова жоғары білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандар үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі кеңейтілгенін атап өтті.

Министр сондай-ақ Бақтиёр Ибрагимовке migration.enbek.kz порталы және Skills Enbek платформасының мүмкіндіктері мен функционалдығын көрсетті.

Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Қазақстанда еңбек көші-қоны саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың жоғары сапасын және одан әрі ынтымақтастық қажеттілігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -