Ақмола облысында мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша пилоттық жобаның нәтижелері

1705
Фотосурет: Ақмола облысы бойынша МҚІА

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қорытындыларын ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызметке түсуді барынша жеңілдету және артық кедергілерді жою мақсатында 2023 жылғы 1 наурыздан бастап Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында «Интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б»"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидалары» енгізілді. Қазіргі уақытта бұл іріктеу жобасы 74 мемлекеттік органда жұмыс істейді, ал ағымдағы жылдың ортасында тағы 26 мемлекеттік органды қамтитын болады.

Осы Қағидаларға сәйкес бұл мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасу жалпы конкурс арқылы eqyzmet.gov.kz порталында пилоттық режимде (онлайн) жүзеге асырылады.

«Конкурстық рәсімнің бұл форматы үміткерлерге әлемнің кез келген бұрышынан барлық кезеңдерде конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. «Е-қызмет» жүйесі барлық негізгі ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Бұл мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжаттарды жинаудан босатады. Үміткер туралы өзге ақпараттық жүйелерден ақпарат алу, оның соттылығын немесе өзге де құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау - мұның бәрін жүйе автоматты түрде өзі жүзеге асырады» Думан Әбілев

Спикер атап өткендей, 2024 жылы Ақмола облысында пилоттық режимде 1683 конкурс жарияланды, нәтижесінде 539 адам лауазымға қабылданды.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -