Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.
МҚІА Ақмола облысы
Спикердің айтуынша, өңірдің мемлекеттік қызмет жүйесінде гендерлік саясат сәтті іске асуда: қызметшілердің 1901 немесе 65%-ын әйелдер құрайды.
«Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 429 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 43,4% құрайды» Думан Әбілев
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесі көрсеткіштерден тұрады:
- облыс әкімінің орынбасарлары – 0,3%;
- қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары – 2%;
- аппарат басшылары және олардың орынбасарлары – 3,7%;
- облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары – 3,2%;
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 38,7%;
- ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары – 10,7%;
- дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары – 21,2%;
- сектор меңгерушілері – 20,2%.
2024 жылы конкурстық және конкурстан тыс іріктеу қорытындылары бойынша, ауысу арқылы, сондай-ақ сайлау қорытындылары бойынша және басқа да себептер бойынша 1069 қызметші тағайындалды, олардың 568 немесе 53,1% әйелдер.