Арнайы жасақ сарбаздары мектеп оқушыларына өз мамандықтары туралы айтты

2530
Фотосурет: Gov

Әскери қызметшілер оқушыларға нағыз ерлердің кәсібі туралы айтты, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің 22750 әскери бөлімі мен Ақмола облысы Софиевка ауылының жалпы білім беретін мектебі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатты 22750 әскери бөлімінің командирі подполковник Тимур Тюстюбаев пен мектеп директоры Қарлығаш Малғаждарова бекітті.

"Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасында әскери-патриоттық тәрбие беру саласында келісім бар. Біздің меморандум осы құжатты іске асыруға бағытталған. Кездесулер ұйымдастырып, бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер мен практикалық сабақтар өткізетін боламыз" 22750 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Қыдырбек Төлепов 

Меморандумға қол қою рәсімінен соң әскери қызметшілер 9, 10 және 11 сынып оқушыларына Ерлік сабағын өткізді.

Кездесу барысында оқушылар Арнайы операциялар күштері қызметінің ерекшелігі туралы сұрап білді. Балаларға түсінікті болу үшін бейнероликтер көрсетілді.

Лақап аты «Насыр» аталатын әскери қызметші қызметтің қыр-сырын бөлісіп, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында қандай мамандықтар алуға болатынын айтты.

"Бүгін өте қызықты кездесу өтті. Мен өзім әскери қызметші болуды армандаймын. Арнайы жасақ өкілдерімен кездесуден соң көңілдегі көптеген сұрақтарға жауап алдым" 10 «А» сынып оқушысы Бекарыс Көдекбаев

Мектеп оқушылары үшін әскери қызметшілер қару-жарақ көрмесін ұйымдастырды. Өз кезегінде «Жас сарбаз» қозғалысындағы оқушылар қонақтарға саптық жаттығулар мен автоматты толық бөлшектеп-жинау дағдыларын көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -