Алматыда шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды

3223
Фотосурет: Евгений Ким/KazChess

Алматыда Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Фото: Евгений Ким/KazChess

2025 жылғы 15 қаңтарда Алматыдағы «Атакент» ҚІЫО № 9 павильонында 6 жастан 18 жасқа дейінгі жеті жас санатындағы юниорлар арасында уақыт бақылаудың барлық нұсқасы – стандартты (классикалық), жылдам (рапид) және шапшаң (блиц) бойынша шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды.  

«Бұл турнир қазақстандық шахматтың болашақ жұлдыздарына өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, 2025 жылы өтетін беделді халықаралық жарыстарға еліміздің атынан қатысу құқығына ие болуға жол ашады. Мұның өзі әр ойыншы үшін үлкен мәртебе! Біз дарынды балаларымызға осындай мүмкіндік жасауға шын жүректен қуаныштымыз және табысқа жету жолында оларға барынша қолдау көрсетеміз. Осы чемпионат жаңа шахмат маусымын ашып отыр және оның аясында біз көптеген жарқын жеңіс пен жетістіктердің куәсі болатынымызға сенімдімін. Біз болсақ, өз тарапымыздан Қазақстанның әлемдік алаңдағы шахмат позициясын одан әрі нығайту үшін қажеттінің барлығын жасай береміз» Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Турлов

Фото: Евгений Ким/KazChess

2024 жылы қазақстандық юниорлар Әлем, Азия және Батыс Азияның юниорлар мен мектеп оқушыларының арасындағы чемпионаттарында 121 марапат: 49 алтын, 38 күміс және 34 қола медаль жеңіп алды! Сондықтан Жаңа 2025 жылдағы бірінші чемпионаттың ерекшелігі – онда осы турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің көптеген санатында бәсекелестік орнайтыны, демек, сайыстың айрықша тартымды өтетіні, ал жеңістің маңызы ерекше болатыны заңдылық.

Фото: Евгений Ким/KazChess

Жас шахмат таланттары байқауының салтанатты ашылуы чемпионатқа қатысушылардың өздері – Дилайла Сәдуақасова, Лейла Ким, Әдия Жеңіс, Әли және Аят Насановтар, Арсен Байжұманов пен Айбибі Көшербайдың орындауындағы «Қазақстандық жас шахматшының әнұранынан» басталды.

Фото: Евгений Ким/KazChess

ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Сағынтайұлы Есенов, шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев және KazChess/ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова  қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Фото: Евгений Ким/KazChess

Ашылу салтанаты тым ресми болып көрінбеуі үшін іс-шараға қатысушылар сөз сөйлегеннен кейінгі үзіліс кезінде көрермендерге шахмат ребустары түріндегі викторина жұмбағын шешу ұсынылды. Өз өнерін көрсеткен әйгілі көз байлаушы Михаил Гуторов қатысушыларға көп жұмбақ қойды.

Фото: Евгений Ким/KazChess

Содан кейін міндетті рәсімге айналған античитерлік тексеруден кейін қатысушылар шахмат тақталарына отырды да, VIP қонақтар фавориттер ойнайтын партияларда символдық жүріс жасады... сөйтіп Үлкен ойын басталды!

Фото: Евгений Ким/KazChess

Естеріңізге сала кетейік, чемпионатқа қатысушылардың арасында қазір U12 жас санатында ойнайтын 2023 жылғы әлем чемпионы (U10) Данис Қуандықұлы және 2024 жылғы әлем чемпионы (U12) Марк Смирнов (U14), 2023 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Айару Алтынбек пен Ханзада Аманжол (екеуі де – U14), Елназ Қалиахмет, Эдгар Мамедов және Сауат Нұрғалиев (барлығы да – U16) бар.

Фото: Евгений Ким/KazChess

Фото: Евгений Ким/KazChess

Сондай-ақ фавориттердің қатарында былтыр юниор медальдарының ең үлкен топтамасын – 7 медаль жинаған Мария Холявко (U14), рапид бойынша 2024 жылдың әлем чемпионы Алиша Бисалиева (U8), 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпаздары Милана Филиппова мен Ризат Ұлан (екеуі де – U10), Азия-2024 чемпионы және 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы Нұрәлі Болашақов (U12) бар. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады…

Фото: Евгений Ким/KazChess

Барлық чемпионатта швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өтеді:

  • 15–22 қаңтар, классика 90+30 (әр қатысушыға бір партияға 90 минут беріледі және жасаған әр жүрісі үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады);
  • 23–24 қаңтар, рапид 15+10;
  • 25 қаңтар, блиц 3+2.

Фото: Евгений Ким/KazChess

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -