ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімінде Мәжіліс депутаттары қонақта болды

1683
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қазыбек Әлішев, Жұлдыз Сүлейменова іссапармен келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іссапар барысында депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6655 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Абдумарат Ташимбетов депутаттарды  әскери бөлімнің жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттерін баяндады. Сонымен қатар Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлік қызметтерді орындаудағы бірқатар мәселелері талқыланды.

Қонақтар әскери бөлімнің негізгі міндеттерімен, бөлімнің инфрақұрлымымен, сондай-ақ сарбаздардың казарма үй-жайларымен, әскери техника және қару-жарақтарымен танысты.

"Әскери қызметші болу - бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Патриоттық рухтарыңыз өз Отаныңызды қорғауға, оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге дайындығыңыздан көрінеді. Мемлекет өз кезегінде сыртта қалмай жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасайды" Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов

Одан бөлек құқық қорғау қызметін атқару тәртібін жетілдіру, әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеке құрамға жеткізді.

"Ұлттық ұлан – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының сенімді тірегі. Қазіргі уақытта заңнамалық тұрғысынан әскери құрылымдарға мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға 14 айға  кредиттік демалыс беріледі" Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы

Кездесу соңында мәжілісмендер әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, олардың елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы жолындағы адал қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -