Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді теміржол тасымалы рекордтық көлемге жетті

2145
Фотосурет: Gov

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.

Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.

Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.

Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.

2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -