Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов пен Латвия Республикасы Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андулис Жидковстің кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында тараптар транзиттік-көлік саласындағы өзара іс-қимылдың болашақ қадамдарын, оның ішінде 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесін, сондай-ақ бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.
Халықаралық көлік бағыттарын дамыту жөніндегі меморандумының ережелерін іс-жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған орай тараптар жүк ағындарын басқаруда заманауи технологияларды енгізу, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ «Шығыс-Батыс» осі бойынша жаңа көлік ағындарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туралы келісті.
Сонымен қатар 2025 жылы екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу және халықаралық автокөлік тасымалдарына рұқсат беру квотасын ұлғайту мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу болды.