«eQonaq» жүйесіндегі шетелдік туристер арасында ТОП-10 қонақ үй

2497
Фотосурет: pixabay.com/ming dai

Kazakh Tourism «eQonaq» жүйесінің деректерін ең танымал орналастыру орындары бойынша талдады. Оның негізінде өткен жылы шетелдік қонақтар жиі таңдаған топ-10 қонақ үй тізімі қалыптасты, деп хабарлайды DKnews.kz.   

Шетелден келген туристердің көпшілігі 2024 жылы «Hotel Kazakhstan» тоқтаған. Алматыдағы бұл қонақ үйді 30 412 мейман таңдаған. «еQonaq» жүйесіндегі екінші орынды «Holiday Inn» иеленді. Оған 15 619 шетелдік турист басымдық берді. Sheraton Astana Hotel көшбасшыларының үштігін түйіндеді. Елордалық қонақ үйге өзге елдерден келген 14 790 адам таңдады.

Rixos Water World Aktau өткен жылмен салыстырғанда төрт сатыға көтерілді және 4-ші орынға жайғасты. Маңғыстау облысында орналасқан бұл бес жұлдызды қонақүйде 14,4 мыңнан астам шетелдік туристер тоқтаған. «Rixos Almaty», керісінше, 2023 жылмен салыстырғанда үш сатыға төмендеп, бесінші орынды иеленді (12,6 мың). 

Алматы қаласының Mercure Almaty city center (12,2 мың), Intercontinental Almaty (11,2 мың), Best Western Plus Atakent Park Hotel (11,2 мың), Rahat Palace Hotel (11,1 мың) қонақ үйлері тиісінше 6-9 орындарға тұрақтады. 

«еQonaq» жүйесіндегі шетелдік туристер арасында танымал он қонақ үйді «Hilton Astana» түйіндеді.

Атап өткен жөн, 2024 жылы «eQonaq» жүйесінде тіркелген орналастыру орындарында 1,5 миллионнан астам шетелдік турист тоқтаған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -