«e–Salyq–Business» қосымшасы кәсіпкерлерге қолайлы, деп хабарлайды DKnews.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Жеке кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын, сондай–ақ қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін (такси, курьер, жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті, құрылыс жұмыстары, техниканы жөндеу, шаштараз қызметі және т.б.) жүзеге асыратын, қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын дара кәсіпкерлер үшін ең қолайлы режим «e–Salyq Вusiness» арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимі болып табылады, бұл қосымша 2022 жылдан бастап жұмыс істейді (Маңғыстау облысында пайдаланушылар саны 25 мыңнан асады).
«e–Salyq Вusiness» мобильді қосымшаның ыңғайлылығы мынада:
- дара кәсіпкер ретінде тіркелуге болады;
- бақылау–касса машинасының (БКМ) чектеріне тең келетін чектерді беру, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;
- алынған кірістерді автоматты түрде есепке алуды жүргізу және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу (кірістер тізілімі);
- салықты (кірістің 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептеу.