Қазақстандық стартаптар әлемдік нарықты жаулап алуда

2156
Фотосурет: UKIMET

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Сондай-ақ Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндағандай, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызметтер экспортының өсуі 24%-ды немесе $306 млн-ды құрады. Бүгінгі таңда Astana Hub қатысушыларының саны 1,5 мың компаниядан асады, оның 400-і шетелдіктердің қатысуымен.

Премьер-министр Alaqan, Codiplay, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX сияқты көптеген қазақстандық жобалар АҚШ, Араб Әмірліктері, Нидерланд, Ұлыбритания, Германия және басқа да елдерді қоса алғанда, шетелдік нарықтарда жақсы танылғанын атап өтті. IT-қызметтер экспортын одан әрі арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары атап өтілді. 

«Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды. Аталған міндетті іске асыру үшін тиісті инфрақұрылым құру және осы саладағы бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметер экспортының көлемін 20 есеге арттыруға мүмкіндік берді. IT-қызметтер мен өнімдер экспортын ұлғайту бойынша алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керек. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс» Олжас Бектенов 

Үкімет басшысы инновациялық кластерге айналған Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін негізгі серіктес атанғанын мысалға келтірді. Технопарк қатысушыларына салық және визалық жеңілдіктер берілгені, ақпараттық-білім берумен қолдау және бизнесті дамытуға арналған бағдарламалар ұйымдастырылғаны атап өтілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды. 

Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және оны лицензиялау жұмысын аяқтау тапсырылды.

Олжас Бектенов отандық стартаптарға қаржылық қолдау көрсету үшін венчурлық қорды құру рәсімдерін жеделдету керек екенін, оның көлемін 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.

Сонымен қатар өңірлерде технологиялық кәсіпкерлікті дәріптеу жұмыстарын күшейтіп, өңірлік IT-хабтар базасында отандық мамандар құзыреттерін арттыру үшін жағдай жасау қажет.

 Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіру тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -