Қарағанды облысында дауылды ескерту жалғасуда. Өңірдің басым бөлігінде қатты жел соғып, боран сақталуда. Сонымен қатар, 22–24 қаңтарда облыс аумағында ауа температурасы -34 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осындай ауа райында жылыту аспаптарын дұрыс пайдаланбау, электр желілерін артық жүктеу және осыған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өрт шығу қаупі артады, деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
– Үйлерін жылыту үшін біздің тұрғындар кейде өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, бір желіге бірнеше электр аспабын қосады, бұл қысқа тұйықталуларға және одан әрі өрттің туындауына алып келеді, – дейді Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары Думан Далешев. – Осыған байланысты тұрғын үйде қарастырылған жылыту көздерін ғана пайдалануға кеңес береміз.
ТЖ департаментінің мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында тұрғын секторында 139 өрт тіркелді, онда тоғыз адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты. Сонымен қатар, алты адам улы газбен уланған.
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұрайды:
- өшірілмеген темекі мен сіріңкелерді қалдырмау;
- жарамды пештерді, газ және электр аспаптарын ғана пайдалануға;
- мұржаларды күйеден уақтылы тазарту (үш айда бір рет);
- пешті қыздырмау және жылыту пештерін қыздырмау;
- балаларға пеш жағуды тапсырмау керек.
Сонымен қатар, ТЖ департаменті тұрғындардан тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерінің сақталуына баса назар аударуды сұрады:
- газ баллондарын жылыту аспаптарының жанына орналастырмауға, әсіресе оларды салқын жерден жылы үй-жайға кіргізген кезде;
- жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмауға;
- газдың шығуын анықтау үшін ашық отты пайдаланбауға;
- балалардың газ аспаптарын пайдалануына қатаң тыйым салуды өтінді.