Саптағы ана қамқорлығы: Қоғамдық ұйымның өкілі ұландықтармен кездесті

2156
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде ерекше кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Аналар жүрегі» комитетінің өкілі Олеся Старых  бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесіп, олардың тұрмысы мен қызмет жағдайларымен танысты.

Іс-шара сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту және олардың қажеттіліктерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуде Олеся Викторовна әскери қызметшілермен қызмет және күнделікті өмір туралы сұрақтар қойып, ашық сұхбат жүргізді.

- Біздің басты міндетіміз - сіздерді қолдау, туындаған мәселелерді шешуге көмектесу, - деп атап өтті Олеся Старых.

Сарбаздар да қызмет туралы өз әсерлерімен бөлісті.

- Бізге келіп, біздің жағдайымызға қызығушылық танытқаны және бізді қолдауға дайын екендігі біз үшін маңызды, - деді қатардағы Александр Гарбажа.

Олеся Викторовна сарбаз асханасында болып, күнделікті ас мәзірімен танысты. Онда ол жауынгерлердің тамақтануының жоғары сапада екенін мәлімдеді.

Бұдан басқа, ол казармалық үй-жайларды қарап шығып, ондағы тәртіп пен тазалықтың әскери қызметшілердің толыққанды демалуына қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Аталған басқосу жас сарбаздардың қызметінде елеулі рөл атқарып, олардың Отан игілігі үшін қызмет ету ынтасын арттырады. Қоғамдық ұйымдар өкілдерімен ынтымақтастық әскери қызметшілерге қолдау мен қамқорлықты сезінуге көмектеседі.

Осындай кездесулердің арқасында ұландықтар өздерін әскери ұжымның бір бөлігі ретінде сезініп, олардың қажеттіліктері мен пікірлерінің маңыздылығын айқындайды. Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулерді  әскер мен қоғам арасындағы берік байланыстарды дамытуға септігін тигізетін игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -