Семейде әскерилер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады

2123
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Абай облысында қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері 99 жасқа келген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Романович Шевцовқа құттықтауымен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Иван Шевцов Алтай өлкесінің Антоновка ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Польша мен Чехословакияны азат ету шайқастарына қатысты.

Майдангер батырлығы мен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және адал еңбегі үшін медалімен марапатталған.

Соғыстан кейін ол «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып жұмыс істеп, онда өзін жауапты маман ретінде көрсетті.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов ардагерді құттықтап, жеңіске қосқан үлесі мен жауынгерлік ерлігі үшін алғыс айтты. Әскери қызметшілер Иван Романовичке зор денсаулық, ұзақ өмір және бақ-береке тіледі.

Әскери оркестрдің қойылымы туған күнге арналған ерекше сый болды. Музыканттар орындаған соғыс жылдарындағы әуендер майдангердің көңілін көтеріп, ерекше шабыт берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -