«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3514 әскери бөлімінде ағайынды үшеу қызмет етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бір үйден шыққан үш жігіттің Ұлттық ұлан қатарына алғашқы болып ортаншысы қосылыпты. Қатардағы Еркебұлан Серікханов 2019 жылдан бастап әскери бөлімінде граната атқыштың көмекшісі лауазымында келісім шарт бойынша қызмет атқарады. Бауырының әскери қызметіне қызығушылық танытқан ағасы араға ай салып әскери бөлімнің сарбаз атқышына айналады. Қатардағы Қуаныш Серікханов Курчатов қаласындағы әскери бөлімге тез арада үйренісіп кеткендегін жасырмады. Қазіргі таңда ұландық шаңырақ құрып, өз алдына жеке отбасы болып үлгерген.
Біз Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында тұрдық. Бала кезімізде Аягөз қаласына келгенде әскери техникаларды көріп тамсанатынбыз. Мен сол уақытта әкеме ер жеткенде әскери қызметші болатындығымды айттым. Ол ақ батасын берді. Өкінішке орай, жанымызға жақын адам қазір арамызда жоқ. Анамыз үйдің кенжесімен қазірге дейін Мыңбұлақ ауылында тұрады. Бауырым, мектепті тәмамдағаннан кейін оларды Курчатов қаласына көшіріп алу жоспарымызда бар Қатардағы Еркебұлан Серікханов
Ал, ағайынды жігіттердің үшіншісі Еламан мерзімді әскери қызметші. Ол да ағалары қызмет атқаратын Курчатов қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын атқарып жүр. Мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін қос ағасының ізін жалғап келісім шарт бойынша әскери қызметші болып жұмысқа тұрмақ. Мемлекет үшін маңызды нысандарды қорғайтын мекемеде қызмет атқаратын ағалы-іні ұландықтар әрдайым қолдау танытып, жауынгерлік қызметте жол нұсқаған әскери бөлім командиріне айтар алғыстары шексіз.