Алматыда 71 млрд теңге сомасына ШОБ жобалары қолдау көрсетеді

1485
Фотосурет: Gov

2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -