Алматыда мопедтерді ресми тіркеу басталды

2970
Фотосурет: depositphotos.com

Алматыда 16 мопед ресми түрде тіркелді.

Еске салайық, жақында Алматыда мопедті алғашқы тіркеу рәсімі жүргізген еді. Жас алматылық көлік құралының техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Көрсетілген күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осыған орай Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

23 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 16 мопед тіркелді.

2024 жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға түзетулер енгізілді. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу.

Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -