2025 жылдың қаңтарында салық төлеушілер есеп беру және салық төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы керек, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өсімпұлды есептемеу үшін белгіленген мерзімдерді сақтау және төлемдердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды Деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ
2025 ж. 15 қаңтардан кешіктірмей:
- 400.00 және 421.00 нысандары 2024 ж. қараша айына – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу.
2025 ж. 20 қаңтардан кешіктірмей:
- 101.01 нысаны – КТС бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуге жататын 2025 жылға арналған КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі;
- 328.00 нысаны 2024 ж. желтоқсан айына – тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
ТӨЛЕМДЕР
2025 ж. 5 қаңтардан кешіктірмей:
- 2024 ж. желтоқсан айына ЖТС – жеке нотариустардың, сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың табыстарынан.
2025 ж. 20 қаңтардан кешіктірмей:
- 2024 ж. желтоқсан айына ЕАЭО-да ҚҚС;
- 2024 ж. желтоқсан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
2025 ж. 27 қаңтардан кешіктірмей:
- 2025 ж. қаңтар айына КТС аванстық төлемдері;
- 2024 ж. желтоқсан айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- 2024 ж. желтоқсан айында төленген табыстардан ЖТС;
- Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК-нің 2024 ж. желтоқсан айындағы табыстарынан ЖТС;
- 2024 ж. желтоқсан айына бірыңғай төлем;
- 2024 ж. желтоқсан айына әлеуметтік салық;
- 2024 ж. желтоқсан айына әлеуметтік аударымдар;
- 2024 ж. желтоқсан айына МЗЖ;
- 2024 ж. желтоқсан айына МКЗЖ;
- 2024 ж. желтоқсан айына ЖБМЗЖ;
- 2024 ж. желтоқсан айына МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар.
Есептіліктерді «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (https://cabinet.kgd.gov.kz), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының көмегімен ұсынуға болады.
Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.
Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.