Алматыда ұландықтар жоғалған смартфонды иесіне қайтарды

2541
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Алматы қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері қала тұрғынының жоғалған ұялы телефонын тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға 22 қаңтарда сағат 18.40 шамасында Түрксіб ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде болды. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Мейіржан Әлсейіт пен патрульдеушілер Темірлан Қанатұлы, Нұрсейіт Нағимов және Данияр Аманбайұлы жол жиегінде жатқан смартфон тауып алған. Бұл туралы әскери жасақ радиобайланыс арқылы патрульдік топ бастығына баяндады.

Біз 4 бақылау нүктесінде тұрдық. Сол уақытта жол жиегінде қардың астында жарығы жанып жатқан ұялы телефонды байқап қалдық. Дереу патрульдік топ бастығына баяндап, иесін анықтауға тырыстық. Біраз уақыттан кейін телефонға басқа нөмірден қоңырау шалынды. Біз хабарласқан кісінің смартфон иесі екеніне  көз жеткізіп, табыстадық Ефрейтор Мейіржан Әлсейіт

Қала тұрғыны жоғалған ұялы телефонын өзіне қайтарған құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлеріне қырағылығы және қызметтерін адал атқарғаны үшін алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -