Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту тақырыбындағы брифингте сөз сөйледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ол ұлттық жоба аясында отандық тауарларды барынша пайдалану жоспарларына тоқталды.
«Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында отандық тауарларды қолдануға және инвестициялар тартуға бағытталған. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырып, отандық кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлгайтуға мүмкіндік береді» Олжас Сапарбеков
Құжат шеңберінде жеткізушілер арасында отандық өндірілген өнімнің үлесін 2025 жылы шамамен 20% деңгейінде қамтамасыз ету, 2029 жылға дейін 60% шамасындағы шекке жету үшін міндеттер белгіленген.
Көрсеткішке қол жеткізу мақстында, елде жаңа өндiрiс қуаттарын ашу мақсатында оффтейк келісім-шарттар жасау, жеткізушілер мен мердігерлер арасындағы өзара ашық әрекеттесу үшін электрондық сатып алу алаңын әзірлеу сияқты отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары әзiрлендi.
Энергетика және коммуналдық салаларды жаңғырту шеңберінде қажетті өнім түрлерінің тізбесі әзірленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тізім сомасы шамамен 4 трлн теңге құрайтын 1 000-нан аса тармақтан тұрады. Бұл өнімдер желілерді, станцияларды, жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және кәрізді жаңғыртуда қажет.
700-ден астам өнім түрін шығаратын 187 кәсіпорынның тізімі құрылды.
«Отандық кәсіпорындардың темір-бетон бұйымдарына, полиэтилен құбырларына және трансформаторлардың, қазандықтардың, кабельдік бұйымдар мен ажыратқыштардың жекелеген түрлеріне сұранысты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар» Олжас Сапарбеков
Вице-министр бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы сұраныстың ішінде 330-дан астам өнім түрі бойынша өндірісті оқшаулау мүмкіндігі бар екенін айтты.
Тауарлардың бұл түрлерін локализациялау үшін офтейк келісім-шарттар жасасу тетігі қарастырылады. Осылайша, табиғи монополия субъектілерінің тауарлардағы қажеттілігі техникалық оператор тарапынан сарапталатын болады. Сарапталған көлем «Казахинвест» және «Qazindustry» ұлттық институттарына ұсыналады. Бұл институттар өндірістің жаңа түрлерін жолға қоюға дайын инвесторларды немесе жұмыс істеп тұрған отандық өндірушілерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау механизмдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативті-құқықтық актілерінде бекітуді көздеп отырмыз.