Қорғаныс ұлттық университеті әскери техникаға арналған жаңа шешімдер іздеуде

2728
Фотосурет: Gov

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматыдағы жоғары оқу орындары мен конструкторлық бюрода болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Satbaev University-де ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Күлдеевпен кездесу өтті. Сұхбаттасушылар инновациялық әзірлемелерді қорғаныс саласына интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады. Генерал-майор А. Мұстабеков технопарк пен зертханада ғалымдардың бірегей ізденістерімен танысты. 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ҚР Ұлттық қорғаныс университеті виртуалды шындық технологиясы негізінде әскери қызметшілер мен тактикалық деңгейдегі жалпы әскери бөлімшелерге жауынгерлік даярлықтың интерактивті кешенін құру жөніндегі бірлескен ғылыми жобаны іске асыруда. Аталмыш жобаны әзірлеушілерімен кездесу барысында жобаның мақсаттары, міндеттері, талаптары және кейбір техникалық аспектілері нақтыланды.  

Алматыдағы «Алатау» арнайы конструкторлық бюросының ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-де сериялық өндірістің тұйық технологиясы мен механикалық және климаттық пайдалану сынақтарын жүргізуге арналған зертхана бар. Бұл кәсіпорынның әскери техника мен арнайы техникалық құралдарды әзірлеу және өндіру құқығына лицензиялары бар. Осы артықшылықтарды ескеріп генерал-майор Асқар Мұстабеков өзінің басшылығымен ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыруды және қорғаныс бағытындағы тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер аспектілерін талқылады.

Осылайша, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғалымдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қорғаныс саласындағы күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, жоспарлы жұмыс жүргізуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -