Алматы өрт сөндірушілері Мұз айдынындағы өртті сөндіріп, балаларды құтқарды.

7447
Фотосурет: t.me/qr_tjm

Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдің өртенуі орын алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен барлау және өртті сөндіру барысында құтқару қалпақтарының көмегімен төрт кәмелетке толмаған бала құтқарылды. 

Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол бермей оны 40 шаршы метр аумақта сөндірді.

Оқиға орнында ТЖД психологы 1 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті және 3 баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. 

Өрттің себебін анықтау үшін өрт орнында сынақ өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -