Алматыда шахматтан Қазақстанның юниорлар арасындағы ең ірі чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қорытынды сайыс 9 турдан тұратын блиц бойынша жарыс түрінде өтті. Блицтен 14 чемпионның төртеуі юниорлар арасындағы 2025 жылдың абсолютті чемпионы атанды!
2025 жылғы 15-25 қаңтарда Алматыда 7 жас санатында – 6-18 жас аралығындағы спортшылар арасында шахматтан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты өтті. Барлық 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан келген 950-ге жуық қатысушы уақыт бақылаудың барлық нұсқасы – стандартты (классикалық), жылдам (рапид) және шапшаң (блиц) шахматтан жүлде алу үшін бақ сынасты.
Осыдан бір жыл бұрын O10 жас тобында Әлімжан Жауынбай ғана үш жарыста да жеңімпаз атанған болатын. Бұл жолы бірден төрт чемпион уақыт бақылаудың барлық үш нұсқасында да алтын медаль жеңіп алды. Бұл Макар Чернышов (O6), Данис Қуандықұлы (O12), Жансая Шолпанбек (G12) және G16 тобында классикадан және G18 тобында рапид пен блицтен жеңген Елназ Қалиахмет.
O18 тобындағы ойыншылармен жарысқа түсіп блицтен 3-ші орын алған 2022 жылғы әлем чемпионы (G14) Зарина Нұрғалиеваның есімін да атап өткен жөн.
O14 тобында старт тізімінде нөмірі 14-ші болып тұрған, бірақ барлық көшбасшылардан – 2024 жылғы әлем чемпионы (O12) Марк Смирновтан (O14), 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (O8) Дінмұхаммед Төлендіновтен, блиц бойынша мектеп оқушылары арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы (O13) Алдияр Жауынбайдан және 2024 жылғы ҚР чемпионы (O14) және блиц бойынша мектеп оқушылары арасындағы 2024 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (O13) Ақылжан Мейірханұлынан оза білген Дәрмен Дәуреннің жеңісі тамаша оқиға болды.
Бейресми жалпы командалық есепте өкілдері 17 алтын медаль (классикадан 6, 5 рапидтен 5 және блицтен 6) жеңіп алған Астана бірінші орынға шықты. Алматы қаласының, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарының да өз чемпиондары бар.
Турнирге қатысты пікірін білдірген Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Турлов:
«Бұл чемпионат Қазақстанның дарынды, талапкер және ақылды балаларға өте бай екенін тағы да дәлелдеді. Біздің міндетіміз – осы әлеуеттің барлығын іске асыруға көмектесу, жағдай жасау және қолдау көрсету. Аяқталған турнир жүздеген бала үшін шахмат әлеміндегі тамаша және өте қызықты жолдың бастамасы, ал олардың жеткен жеңістері жаңа биікке шығарар қадам болсын!»
Классикалық шахматтан чемпион атанғандар Әлем кубогында (FIDE World Cup Under 8–12, 23 маусым – 2 шілде, Батуми, Грузия), сондай-ақ 8–12 жасар шахматшыларға арналған әлем чемпионаттарында (FIDE World Cadets Chess Championship 2025) және 14–18 жасар ойыншылардың әлем чемпионаттарында (FIDE World Youth Chess Championships 2025, 1–12 қазан, Дуррес, Албания), ал вице-чемпиондар Азия чемпионатында (Asian Youth Chess Championship 2025, 2–10 сәуір, Чиангмай, Таиланд) Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл турнирлерге 2024 жылдың жүлдегерлері ретінде қатысуға дербес құқығы бар ойыншылар шығатын орындар үшін бәсекеге түспейді.
Басқа жүлделі орындарға ие болған ойыншылар мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты (World Schools Chess Championships 2025, 20–28 наурыз, Врнячка-Баня, Сербия), Батыс Азия чемпионаты (Western Asia Youth & Juniors Chess Championship 2025) және мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионаты (Asian Schools Chess Championship 2025, 16–24 тамыз, Улан-Батор, Моңғолия) сияқты халықаралық жарыстарға қатысуға құқық алады. Әлем немесе Азия чемпионатына қатысуға құқық алған негізгі ойыншы одан бас тартқан жағдайда бұл құқық келесі орынды иеленген ойыншыға өтеді.
Барлық чемпионаттар шеңберінде швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өтті:
- 15–22 қаңтар, классика 90+30 (әр қатысушыға бір партияға 90 минут беріледі және әр жасаған жүрісі үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады);
- 23–24 қаңтар, рапид 15+10;
- 25 қаңтар, блиц 3+2.
Абсолютті жеңімпаздар (3 алтын медаль): Макар Чернышов (Алматы) – 6 жасқа дейінгі жас санатында (U6), CM Данис Қуандықұлы (Алматы) – U12 және WCM Жансая Шолпанбек (Алматы обл.) – U12, WFM Елназ Қалиахмет (Алматы обл.) – U16/U18.
Кем дегенде екі алтын медаль иегерлері: 2 алтын және 1 күміс медаль: Алиша Бисалиева (Астана) – U8, 2 алтын және 1 қола медаль: Аяулым Қалдыбек (Астана) – U6, Милана Филиппова (Алматы) – U12 және FM Алан Петухов (Ақтөбе обл.) – U16, 2 алтын: Әлихан Назарбек (Алматы обл.) – U12, Мәлика Жаппарбекова (Астана) – U16 және FM Ергали Сулеймен (Астана) – U18.
O6 (28 қатысушы)
- Классика: 1. Макар Чернышов (Алматы, рейтингі жоқ), 2. Исмаил Сайрамбай (Алматы, рейтингі жоқ), 3. Арулан Әлтайырұлы (Астана, рейтингі жоқ).
- Рапид: 1. Макар Чернышов (Алматы, рейтингі жоқ); 2. Арулан Әлтайырұлы (Астана, рейтингі жоқ); 3. Абылай Қуат (Шымкент, рейтингі жоқ).
- Блиц: 1. Макар Чернышов (Алматы, рейтингі жоқ); 2. Хантөре Нұржанұлы (Атырау обл., рейтингі жоқ); 3. Абдрахман Мыңжасар (Ақмола обл., рейтингі жоқ).
G6 (17 қатысушы)
- Классика: 1. Раяна Абайқызы (Түркістан обл., рейтингі жоқ), 2. Жасмин Өкпебаева (Астана, рейтингі жоқ), 3. Аяулым Қалдыбек (Астана, рейтингі жоқ).
- Рапид: 1. Аяулым Қалдыбек (Астана, рейтингі жоқ); 2. Аянат Жақсылық (Қызылорда обл., рейтингі жоқ); 3. Камилла Бауыржан (Алматы, рейтингі жоқ).
- Блиц: 1. Аяулым Қалдыбек (Астана, рейтингі жоқ); 2. Әлима Әкімхан (Ақтөбе обл., рейтингі жоқ); 3. Айя Иманбек (Қызылорда обл., рейтингі жоқ).
O8 (76 қатысушы)
- Классика: 1. Әдинұр Әділбек (Астана, 1763), 2. Әлтайыр Өмірзақов (Астана, 1475), 3. Мәди Мәжітов (Астана, 1627).
- Рапид: 1. Әлтайыр Өмірзақов (Астана, 1584); 2. Димаш Аманбек (Түркістан обл., 1522); 3. Мәди Мәжітов (Астана, 1662).
- Блиц: 1. Мәди Мәжітов (Астана, 1640); 2. Әдинұр Әділбек (Астана, 1751); 3. Аслан Ендібаев (Шымкент, 1608).
G8 (43 қатысушы)
- Классика: 1. Алиша Бисалиева (Астана, 1629), 2. Тея Марковская (Алматы, рейтингі жоқ), 3. Амалия Едрешева (Астана, 1493).
- Рапид: 1. Алиша Бисалиева (Астана, 1607); 2. Амалия Едрешева (Астана, 1472); 3. Әміра Алеманова (Астана, 1463).
- Блиц: 1. Амалия Едрешева (Астана, 1545); 2. Алиша Бисалиева (Астана, 1555); 3. Венера Жәкішева (Астана, рейтингі жоқ).
O10 (107 қатысушы)
- Классика: 1. Әлихан Назарбек (Алматы обл., 1693), 2. Әміржан Әнетов (Астана, 1915), 3. Рауан Бақыт (Астана, 1817).
- Рапид: 1. Әлрами Мұқашев (Астана, 1788); 2. Рауан Бақыт (Астана, 1808); 3. Нұрмұхамед Елемес (Алматы, 1711).
- Блиц: 1. Әлихан Назарбек (Алматы обл., 1842); 2. Ризат Ұлан (Алматы, 1770); 3. Нұрислам Сұлтанхан (Түркістан обл., 1613).
G10 (73 қатысушы)
- Классика: 1. Іңкәр Кенжетай (Астана, 1584), 2. Інжу Кенжетай (Астана, 1546), 3. Милана Филиппова (Алматы, 1819).
- Рапид: 1. Милана Филиппова (Алматы, 1795); 2. Мәлика Зиядин (Алматы, 1488); 3. Мәриям Таубасар (Алматы обл., 1551).
- Блиц: 1. Милана Филиппова (Алматы, 1503); 2. Мәлика Зиядин (Алматы, 1509); 3. Азалия Балақанова (Павлодар обл., 1600).
O12 (119 қатысушы)
- Классика: 1. CM Данис Қуандықұлы (Алматы, 2170), 2. Дастан Бақытбек (Алматы, 1714), 3. Ернұр Ержанұлы (Қызылорда обл., 1834).
- Рапид: 1. CM Данис Қуандықұлы (Алматы, 1889); 2. Әлімжан Жауынбай (Астана, 1992); 3. Рамазан Амангелді (Маңғыстау обл., 1818).
- Блиц: 1. CM Данис Қуандықұлы (Алматы, 2174); 2. CM Нұрәли Болашақов (Алматы, 1839); 3. Азат Әміреев (Қызылорда обл., 1832).
G12 (75 қатысушы)
- Классика: 1. WCM Жансая Шолпанбек (Алматы обл., 1813), 2. Әдия Мәмеш (Астана, 1612), 3. Альбина Қайырбекова (Қарағанды обл., 1593).
- Рапид: 1. WCM Жансая Шолпанбек (Алматы обл., 1792); 2. Альбина Қайырбекова (Қарағанды обл., 1694); 3. Камила Бүркітбаева (Ақмола обл., 1545).
- Блиц: 1. WCM Жансая Шолпанбек (Алматы обл., 1801); 2. Альбина Қайырбекова (Қарағанды обл., 1706); 3. Әлия Жұманбаева (Павлодар обл., 1529).
O14 (104 қатысушы)
- Классика: 1. CM Әлішер Әбдсаттар (Астана, 2115), 2. FM Дінмұхаммед Төлендінов (Алматы, 2175), 3. Ақарыс Жандос (Алматы, 1961).
- Рапид: 1. FM Марк Смирнов (Алматы, 2271); 2. Әділ Азатжан (Алматы, 2043); 3. Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда обл., 2082).
- Блиц: 1. Дәрмен Дәурен (Астана, 1895); 2. Алдияр Жауынбай (Астана, 2168); 3. Ескендір Ақылбек (Абай обл, 1832).
G14 (51 қатысушы)
- Классика: 1. WFM Айару Алтынбек (Астана, 1993), 2. WFM Ханзада Аманжол (Ақтөбе обл., 1904), 3. Әлима Өмірсерік (Алматы обл., 1760).
- Рапид: 1. WFM Мария Холявко (Алматы, 1850); 2. WFM Айару Алтынбек (Астана, 1971); 3. Әлима Өмірсерік (Алматы обл., 1808).
- Блиц: 1. Айлин Зарқым (Алматы, 1807); 2. WFM Айару Алтынбек (Астана, 1903); 3. Ақнұр Мамақова (Астана, 1750).
O16 (103 қатысушы)
- Классика: 1. IM Эдгар Мамедов (Маңғыстау обл., 2457), 2. Қайыр Берістенов (Ақтөбе обл., 2196), 3. FM Алан Петухов (Ақтөбе обл., 2325).
- Рапид: 1. FM Алан Петухов (Ақтөбе обл., 2264); 2. IM Сауат Нұрғалиев (Астана, 2231) – 7½; 3. FM Инаят Болат (Астана, 2111).
- Блиц: 1. FM Алан Петухов (Ақтөбе обл., 2270); 2. IM Сауат Нұрғалиев (Астана, 2186); 3. IM Эдгар Мамедов (Маңғыстау обл., 2439).
G16 (48 қатысушы)
- Классика: 1. WFM Елназ Қалиахмет (Алматы обл., 2215), 2. FM Диана Тыныштық (Астана, 2028), 3. Әсия Асылхан (Түркістан обл., 1950).
- Рапид: 1. Мәлика Жаппарбекова (Астана, 1864); 2. Нұрсұлу Оразалина (Астана, 1739); 3. Әсия Асылхан (Түркістан обл., 1891).
- Блиц: 1. Малика Жаппарбекова (Астана, 1848); 2. FM Диана Тыныштық (Астана, 1788); 3. Жайна Алтыбаева (Астана, 1559).
O18 (71 қатысушы)
- Классика: 1. FM Ерғали Сүлеймен (Астана, 2300); 2. FM Ернұр Амангелді (Астана, 2276); 3. FM Ерлан Тілеуханов (Алматы, 2120).
- Рапид: 1. FM Иманғали Ақылбай (Алматы обл., 2163); 2. FM Даниял Сәпенов (Қарағанды обл., 2369); 3. FM Ернұр Амангелді (Астана, 2280).
- Блиц: 1. FM Ерғали Сүлеймен (Астана, 2230); 2. FM Даниял Сәпенов (Қарағанды обл., 2369); 3. WFM Зарина Нұрғалиева (Атырау обл., 2101).
G18 (28 қатысушы)
- Классика: 1. Жания Науанова (Павлодар обл., 1854), 2. WCM Дениза Құрманалина (Алматы, 1806), 3. Русалина Абдуллаева (Алматы, 1608).
- Рапид: 1. WFM Елназ Қалиахмет (Алматы обл., 2166); 2. Әсел-ай Сейдолла (Түркістан обл., 1762); 3. WFM Аяулым Қалдарова (Шымкент, 2047).
- Блиц: 1. WFM Елназ Қалиахмет (Алматы обл., 2102); 2. Мәдина Момын (Қарағанды обл., 1806); 3. Жания Науанова (Павлодар обл., 1729).